Аружан Instagram желісінде жазба жариялады. Жас ана көп ұзамай түсірілімдеріне қайта оралды.
«Тунис. 20-күн. Сынақтан өттім — вирус жұқтырып, үш күн қатты ауырдым, енді қайта еңсемді тіктедім. Демек, Тунис мені қабылдады деп үміттенемін. Осы арада түсірілімнің алғашқы аптасы да аяқталды. Жұмыс кестесі өте тығыз, болып жатқан дүниені ой елегінен өткізуге де уақыт жоқ. Ал шын мәнінде, біз өте керемет фильм түсіріп жатырмыз. Мен мұндай рөлді бұрын-соңды ойнаған емеспін, тіпті ойнауды армандаған да жоқпын. Ішімде қобалжу бар, бірақ сонымен қатар өзімді сабырлы сезінемін, өйткені режиссеріміз керемет. Топ та ерекше — ұйымшыл әрі шығармашыл. Бір оператор екеуміз түсірілім алаңында адамдар қанша тілде сөйлейтінін санап көрдік. Он бір тіл шықты», —
деп бөлісті Аружан.
Актрисамен бірге Туниске оның отбасы — күйеуі мен кішкентай қызы Сара да барған.
«Ержик декреттегі бақытты әке ретінде блог жүргізіп жүр және La Marsa ауданын түгел аралап шықты. Ал Сарочка түсірілім алаңында және оның маңындағылардың бәрін баурап алды. “She’s the cutest baby we’ve ever seen” («Бұл біз көрген ең сүйкімді сәби»). Біз кең күліп, бас изейміз. Кадрлар арасындағы үзілістерде, баланы емізу мен он бір тілдің ортасында жүріп, бір сәтте дәл өз орнымда жүргенімді түсіндім. P.S. Айтпақшы, біздің алғашқы тісіміз шықты», —
деп жазды актриса.
Фото: Instagram