Бұл жайлы әнші және жары Нұрила екеуі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Жаңа тарау. Ең маңызды. Біз ата-ана атандық», –
деп жазды олар.
Еске сала кетейік, ACE тамыз айында әке атануға дайындалып жүргенін айтып, сәбидің жынысын анықтаған күні түсірілген бейнежазбамен бөліскен еді.
Желі қолданушылары жас жұпты қуанышымен құттықтап, жылы лебіздерін жазды.
«Өте жылы отбасыда дүниеге келген балақайдың бауы берік болсын», «Енді Даниярдың осындай қуанышын көрсек», «Алтындарым сол, ата-ана атануларыңмен», «Қош келдің, кішкентай балапан!», – деп жазды әншінің оқырмандары.
Фото: Instagram