Ninety One тобының мүшесі Азамат Ашмақын алғаш рет сүйіктісін көрсетті

от adminPMG
Опубликовано: 30 июля 2025, 11:30

Instagram: @acetagrammy

Ninety One тобының мүшесі Азамат Ашмақын көпшілікке жеке өміріне қатысты маңызды жаңалығымен бөлісті.
Aсе деген атпен танымал әнші Instagram парақшасында сүйіктісімен бірге бейнежазба жариялап, өз қарым-қатынасын көпшілік алдында алғаш рет ашық көрсетті.

«Оны алғаш көрген сәт әлі есімде. Дәл сол күні менің өмірім өзгерді. Ол менің өміріме тыныштық пен жарық алып келді. Баршаңызға осындай ерекше сезімді бастан кешіруді тілеймін. Жарық махаббатқа толы өмір кешіңіздер. Бақытты болыңыздар! Баршаңызға бақыт тілеп келдім, енді кезек маған келген сияқты. Танысып қойыңыздар, Нурила»,

деп жазды Азамат.

Әншінің жанкүйерлері бақыт тілеп, қос ғашықтың алдағы үйлену тойы туралы қызу пікір алмасуда.

«Онлайн той болсын», «Азамат той жасамаймын деген», «Жеңгеміз өте әдемі екен», «Бақытты бол, енді сенің кезегің», «Бүгін біраз қыз жылап қалатын болды-ау», – деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше