Әнші Ayree екінші рет ана атанды

Эстрада жұлдызы Ayree екінші сәбиін өмірге әкелді. Әншіні перзентханадан шығарып алу рәсімі өтті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 06 ноября 2025, 11:31
Ayree
Instagram: @ayreeofficial

Әншінің жұбайы мен жақын достары қуанышты сәтке арнайы жиналды. Бұл жайлы жас жұп Instagram парақшаларында бөлісті.

«Қайырлы, бақытты таң. Бөлісетін фото, видео көп. Шүкір, үйге жаңа статуспен кіріп келдік, бақыттымыз. Тілеген тілектеріңізді оқып, қуанып жатырмыз. Сіздерге де жұғысты болсын»,

– деп жазды Әйгерім.

Әнші Балжан Бидаш та қуанышты сәттің куәсі болды. Ару перзентханадан шығарып алу сәтінен сурет жүктеп, әріптесін құттықтады.

«Айри құрбым мен Нұркен досым нәзік қыздың ата-анасы атанды. Кеше перзентханадан шығардық. Өте қуаныштымын, алтындарым», –

деді Балжан.
Әнші Ayree екінші рет ана атанды
Instagram/stories: @ayreeofficial/@bidash_official

Жаңа туған сәбиіне жұлдызды жұп Зере деген есім берген.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Әйгерімге сүйіктісі Шанхай қаласында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған еді. Кейін ерлі-зайыптылар мешітте некелерін қидырып, отбасылық өмірге бірге қадам басқан болатын.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше