«Мен, сен және Ыстамбұл»: Say Mo сүйіктісімен түскен суретімен бөлісті

Қазақстандық әртіс Say Mo Ыстамбұлда қалай демалып жүргенін көрсетті. Ол бұл сапарда жалғыз емес, жігітімен екенін жеткізді. Алайда оның жүзін жасырды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 28 августа 2025, 12:21
Say Mo
Instagram: @say_mo__

Жаңа суреттерін Say Mo Instagram-парақшасында жариялады. Кадрларда әнші теңіз толқыны түстес нәзік жібек көйлек пен ақ жамылғы киді. Қасынан белгісіз жігітті де байқауға болады.

Бірақ, суреттердің ешқайсысында жігіттің бет-әлпеті көрсетілмеген.

«Мен, сен және Ыстамбұл»,

деп жазды Say Mo.

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

«Сізге тек бақыт тілейміз», «Неткен нәзіктік», «Моляжан, беташар қашан болады?», «Кино түсірлген жер», «Ол сондай керемет», – деп жазды олар.

Мөлдірдің оқырмандары сүйіктісі осы сапарда ұсыныс жасайды деп ойлады.

«Жоқ, біз узату тойға келдік»,

деп жауап берді ару.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше