Жібек Құламбаева Польшадағы турнирде ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 450-орын) Польшадағы Гданьск қаласында өтіп жатқан ITF W50 санатындағы турнирдің жұптық сынында жарысты сәтті бастады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 24 июня 2026, 10:58
Жібек Құламбаева
Instagram: @kulambayevaa

Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық спортшы Венгрия өкілі Амарисса Тотпен (әлемдік рейтингте 361-орын) жұп құрған.

Бірінші айналымда Құламбаева мен Тот Беларусь теннисшісі Александра Скопец пен польшалық Ганна Янковскаядан басым түсті.

Кездесу небәрі 45 минутқа созылды. Нәтижесінде қазақстандық-венгриялық жұп қарсыластарын екі сетте 6:1, 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұған дейін бұл жұптар бір-бірімен кездеспеген болатын.

Осы жеңістің арқасында Жібек Құламбаева мен Амарисса Тот турнирдің ширек финалына жолдама алды. Келесі кезеңде олар Польша өкілі Доминика Фейстель мен Мексика теннисшісі Мария Кано жұбы мен польшалық Оливия Гниевковская мен София Гусар арасындағы кездесудің жеңімпаздарымен кездеседі.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше