«Жанар апамызды калай көндіреді?»: Айжұлдыз Адайбекова ерекше образда бой көрсетті

Жақында екінші рет ана атанатын Айжұлдыз Адайбекова тың идеяға толы жаңа фотосессия жасады. Желі қолданушылары оны ертегідегі кейіпкерге теңеді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 18 сентября 2025, 12:01
Айжұлдыз Адайбекова
Фотограф: Максим Сечин

Суреттерде Айжұлдыз ұзын ақ шашпен, жасыл түсті ұзын көйлек киіп тұр. Көйлектің жеңдері де өте ұзын болғандықтан, оның қолдары көрінбейді.

Фототүсірілімде актриса жалғыз болған жоқ. Анасы Жанар Айжанова, жары Сәкен және оның әкесін де көруге болады.

Жанкүйерлері Айжұлдыздың ерекше шығармашылық көзқарасын жоғары бағалады.

«Жанар апамызды калай көндіреді Айжұлдыз?», «Бұл да бір өнер, талант. Менің миыма бұндай фантазиялар келе бермейді екен», «Бірінші тұрған фотоны көріп шетелдің отбасы екен деп өтіп кетіп едім», «Айжұлдыздың талғамы биік, өзі ерекше қыз», «Ерекшелік маған ұнайды», «Адамс отбасы сияқты», – деп пікір білдірді оқырмандары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше