Instagram: @aizhuldyz_adaibekova
Екінші сәбиіне аяғы ауыр Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында жылы суреттермен бөлісті. Блогер өзінің және жолдасы Сәкеннің бала кездегі фотоларын көрсетті.
Айжұлдыз әр суретке тәтті балалық шақта есте қалған сөз тіркестерін жазды. Онда баршамызға таныс «Тыңдамасаң, бүжәй келеді», «Айналайын баладан, тауып алған даладан» сынды сөйлемдер бар.
«Сен де балалық шағыңнан есте қалған сөздермен бөлісіп көр»,
деп жазды Айжұлдыз.
«Ақ серек, көк серек, бізден сізге кім керек», «Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек», «Аққу ұшты көлге қонды», «Ұшты, ұшты кім ұшты?», – деп бала кездерін еске түсірді Адайбекованың оқырмандары.
Фото: Instagram