8 қараша күні өткен марапаттау рәсімінде Рыбакина тарихта алғаш рет WTA басшысымен суретке түсуден ашық түрде бас тартты. Бұл әрекеті теннис әлемінде қызу талқыланды.
Баспасөз мәслихатында спортшыдан мұндай шешімнің себебін сұрағанда, Рыбакина нақты жауап бермеді.
«Бұл тақырыпты мен және Порша Арчердің арасында қалдырғым келеді», —
деді теннисші.
Елена Рыбакина WTA маусымдық финалдық турнирінде жеңіске жеткен Азия құрлығынан шыққан алғашқы теннисші атанды. Бұған дейін құрлық өкілдері қытайлық Ли На (2013 жылы) мен Чжэн Циньвэнь (2024 жылы) финалға дейін жеткенімен, чемпиондық атаққа қол жеткізе алмаған еді.
reporter: why didn't you join the photo with the CEO of WTA Portia Archer?
— rita (@seulzalabim) November 9, 2025
elena rybakina's answer: it's gonna be between me and miss Portia Archer pic.twitter.com/OesDS5M70n
Фото: Instagram