Рыбакина WTA басшысымен суретке түспеу себебін түсіндірді

Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта өткен 2025 жылғы WTA қорытынды турнирінің марапаттау рәсімінде WTA-ның бас директоры Порша Арчермен бірге суретке түсуден бас тартуының себебін түсіндірді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 11 ноября 2025, 10:24
Рыбакина
Instagram: @lenarybakina

8 қараша күні өткен марапаттау рәсімінде Рыбакина тарихта алғаш рет WTA басшысымен суретке түсуден ашық түрде бас тартты. Бұл әрекеті теннис әлемінде қызу талқыланды.

Баспасөз мәслихатында спортшыдан мұндай шешімнің себебін сұрағанда, Рыбакина нақты жауап бермеді.

«Бұл тақырыпты мен және Порша Арчердің арасында қалдырғым келеді», —

деді теннисші.


Елена Рыбакина WTA маусымдық финалдық турнирінде жеңіске жеткен Азия құрлығынан шыққан алғашқы теннисші атанды. Бұған дейін құрлық өкілдері қытайлық Ли На (2013 жылы) мен Чжэн Циньвэнь (2024 жылы) финалға дейін жеткенімен, чемпиондық атаққа қол жеткізе алмаған еді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше