Ұл балалар арасында, алдыңғы жылдардағыдай, Мұхаммед есімі көш бастады. Алғашқы үштікке Алихан мен Айсұлтан кірді.
Одан кейінгі орындарды мына есімдер толықтырды:
- Омар
- Алдияр
- Алан
- Мухаммад
- Амир
- Хамза
- Әли
Қыз балаларға ең жиі қойылған есімдер — Айлин, Асылым және Мадина. Сондай-ақ танымал есімдердің алғашқы ондығына енгендер:
- Айша
- Томирис
- Мариям
- Сафия
- Аяла
- Адия
- Айым
Ұлттық статистика бюросы ең сирек кездесетін қыз балалардың есімдерін де жариялады. Олар:
- Элай
- Златамира
- Жангерім
- Айсери
- Жұлдыз-ай
- Соната
- Шамсиябану
- Ай-шуақ
- Сұлушаш
- Сейдана
2025 жылы ұл балаларға қойылған сирек есімдер тізімі:
- Төре-нұрым
- Өмірғали
- Нұрсадық
- Абд аль-Алим
- Мұхаммед Али
- Милош
- Айтен
- Есдәулет
- Али Абдуллах
- Мұхаммед Аңсари
Әлемдегі танымал есімдер
BabyCenter деректеріне сәйкес, 2025 жылы ұл балаларға ең жиі қойылған есімдер: Ноа, Лиам, Оливер, Элайджа, Матео, Леви, Лукас, Эзра, Эшер және Лука. Қыз балалар арасында ең танымал есімдер: Оливия, Амелия, София, Эмма, Изабелла, Шарлотта, Элиана, Элли, Аврора және Миа.
NameKun платформасы 139 елді қамтыған ауқымды зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесі бойынша, 2025 жылы әлемдегі ең танымал қыз есімі — Мария. Одан кейін Сара, Лаура, Анна және Джессика есімдері орналасқан. Ұл балалар арасында ең жиі кездескен есімдер: Давид, Даниэль, Алекс, Майкл, Джон және Кевин.
Фото: Pexels
Дереккөз: NewTimes