«Қош келдің, ұлым — Әміре», –
деп жазды Занғар, перзентханада түскен суреттерін жариялап.
Кадрларда ол жары Индирамен және жаңа ұлымен бірге тұр. Төсектің қасына гүлге толы себеттер қойылған.
Жас ата-ана өздерінің шексіз қуанышын жасырған жоқ. Жақындары мен оқырмандары бақытты сәттің куәсі болып, жылы тілектерін жазды.
«Құтты болсын, бауы берік болсын!», «Өмірге келген құлыншақтың ғұмыры ұзақ, дені сау болсын», «Керемет жұп! Қуаныштарыңа ортақпын!», «Ана мен балаға мықты денсаулық тилейміз» – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram