Қайрат Нұртастың отбасында тағы бір қуанышты жаңалық күтілуде

Қайрат Нұртастың кенже інісі Заңғар Нұртас әлеуметтік желіде сүйінші хабармен бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 25 августа 2025, 11:53
Қайрат Нұртас, Заңғар
Instagram: @indi_maulenova/@zangaar

Ол жары Индирамен бірге алғаш рет ата-ана атанбақ. Instagram желісіндегі оқырмандар жас жұбайларды қуаныштарымен құттықтап, тілектерін арнап жатыр. 

Заңғар Нұртас пен Индира Мауленованың парақшаларында шынайы жылылыққа толы фотосуреттер жарияланды. Жас жұп қуанышты жаңалықпен бөлісуге асықты.

«Бақытты отбасымыз тағы бір жүрек соғысымен толықпақ»,

деп жазды ерлі-зайыптылар.

«Қандай тамаша жаңалық», «Қымбаттыларым, құттықтаймын», «Құтты болсын Индира аман есен қолыңа алып ал!», «Кеше ғана біреу «неге әйелі әлі босанбайды» деп жазып еді, міне, аузы жабылды», «Өте тәтті жұпсыңдар», – деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше