Жұлдыз Әбдікәрімова бісінші сәбиінің жынысын анықтады

от adminPMG
Опубликовано: 19 августа 2025, 16:42

Instagram: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен бірге гендер-пати жасады.

Жұлдыз маусым айында аяғы ауыр екенін мәлімдеген болатын. Күні кеше Instagram парақшасына жылы видеожазба жүктеп, бесінші сәбиінің жынысын жариялады.

«Аса қатты гендер-патиді жасағым келмеді. Бірақ, төрт құбыламның көңілін қимағандықтан у-шусыз өткізейік деп ортақ шешімге келдік»,

деп жазды актриса.

Алайда, Әбдікәрімованың оқырмандары Қайрат Нұртастың жоқтығын бірден байқады.

«Қайрат қайда?», «Қыздар секіріп қуанып эмоция берді ғой. Қыз ғой», «Аман есен өмірге келсін!», «Қайрат қайда? Соның реакциясын көргіміз келген еді», «Қайрат неге жоқ осындай атаулы күнде?», – деп жазды олар.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше