«ЧБД» бағдарламасында Сабуровтың үшінші баласы дүниеге келгені айтылды

Танымал «Что было дальше?» шоуының жаңа шығарылымында комиктер Нұрлан Сабуровтың үш баласы бар екенін айтты.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 31 октября 2025, 11:40
Сабуров
Instagram: @nurlan__saburov

Бұған дейін жұбайы екеуі бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

30 қазан күні шыққан «ЧБД» бағдарламасының кезекті санына Олег Шепс, Дмитрий Маликов және Илья Соболев қонақ ретінде қатысты.

Соболев өз оқиғасын айтып жатқан кезде әзілкештер бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Сабуровты әзілмен әбден «сынға алды».

«Нұрлан өте ауқатты. Оның үлкен үйінің ішінде әйелі мен үш баласына арналған бір бөлмелі пәтер бар. Ол оны оларға жалға береді», –

деп әзілдеді Сабуровтың әріптесі Эмир Кашоков.

Нұрлан бұл сөзге күлкімен жауап беріп, әзілді жоққа шығарған жоқ.

24.СМИ ақпаратына сәйкес, екі жыл бұрын Нұрлан мен Диана Сабуровтар үшінші баланың дүниеге келгені туралы қауесетті теріске шығарған болатын. Ол кезде Нұрланның жұбайы қоларбамен серуендеп жүрген суретке түсіп қалған болатын. Алайда, ішінде жатқан ит екенін айтқанын еді.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше