«Бізде мүлде жанжал болмайды»: Баян Алагөзова күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты

Продюсер Баян Алагөзова «Умные люди с Асель Кожаковой» подкастында жеке өмірі жайлы әңгімелеп, күйеуі Тұрсын Алагөзовпен қарым-қатынасы жайлы сұрақтарға жауап берді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 24 октября 2025, 11:14
Баян Алагөзова
Instagram: @bayanmaxatkyzy

Баян Алагөзова өзінің танымал тұлға болғанына қарамастан, жеке өмірін жұрттан жасырын ұстауға тырысатынын айтты.

«Адамдар мен туралы көп нәрсе білмейді. Өте жеке сәттерімді көрсетпеймін. Тек менің өмірімнің кішкентай үзінділерімен ғана бөлісемін – балаларыммен, жұбайыммен араласқан сәттер, бір жерде жүрген сәттерім. Бірақ бұл бар болғаны өмірімнің 0,001 пайызы ғана», –

деді ол.

Баян егер блогерлер дәуірінде өмірге келсе дәл қазір ең танымал блогерлердің бірі болатынын айтып әзілдеді.

«Егер мен блогер болуға мүмкіндік туған заманда дүниеге келген болсам, ең мықты блогер болар едім. Барлық блогерлерді артта қалдырып, өз продакшнымды ашып, блогерлер шығаратын едім. Өйткені мен әрдайым нарықтың талабын сезіп отырамын. Қазіргі заманның әйелімін, уақытпен бірге ілгері жүретін адаммын. Хейтерлер жиі өзін жақсы көреді, мақтайды деп сынайды. Иә, өзімді жақсы көремін, мақтаймын, өйткені солай деп ойлаймын. Блогер болғым келер еді, бірақ кеш сияқты», –

деді продюсер.

Актриса Тұрсын Алагөзовпен отбасылық өмірі жайлы да ашық айтты.

«Бізде мүлде жанжал болмайды. Мүлде. Бұл қаншалықты таңғаларлық естілсе де, күйеуім өте сабырлы адам, мен де сондаймын. Қазір жетілген әйелмін, сондықтан кез келген жағдайдың немен аяқталатынын алдын ала болжай аламын. Біз бірге өмір сүріп келе жатқанымызға шамамен 10 жыл болды. Осы уақыт ішінде екі рет ғана ұрсысқанбыз. Мен үшін ол үлкен жанжал болды, өзімнің тарапымнан аздап эмоцияға берілдім. Ал ол жақтан ешқандай жанжал болған жоқ. Шын мәнінде, оны жанжал деуге де келмейді — мен жай ғана үнсіз жыладым», –

деп бөлісті ол.

Сондай-ақ Баян Алагөзова жалпы адамдармен де жанжалдаспайтынын айтты:

«Мен ешкіммен қақтығыспаймын. Жанжалды ұнатпайтын адаммын», –

деді ол.

Фото: Instagram

Дереккөз: «Умные люди с Асель Кожаковой» YouTube арнасы

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше