«Ауру» фильмі прокатта рекордтық миллиард теңге жинады

Қазақстандық триллер «Ауру» отандық прокат тарихында жаңа рекорд орнатты. Айтөре Жолдасқалидің картинасы қанша табыс әкелгені белгілі болды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 12 декабря 2025, 12:35
«Ауру» фильмі
Instagram: @monalemi

Фильм командасының хабарлауынша, «Ауру» жинаған қаржы 1 млрд теңгеден асып түсті. Ол ел тарихында «21+» жас шектеуімен прокатқа шығып, мұндай нәтижеге қол жеткізген алғашқы картина атанды. Дегенмен, авторлардың айтуынша, қатаң рейтингтің кесірінен фильм қосымша 600–800 млн теңге көлеміндегі табыстан айырылған.

«Қазіргі уақытта фильм прокаттың соңғы аптасында. Әлі көрмеген болсаңыздар — мүмкіндік барда үлгеріп қалыңыздар», —

деп еске салды фильм тобы.

Еске сала кетейік, көріністердің шектен тыс қаталдығына байланысты «Ауру» картинасынан бірнеше маңызды эпизоды бірден алынып тасталды. Режиссердің сөзінше, әсіресе финалдық көрініс қатты қысқартылып, фильмнің аяқталу контекстіне айтарлықтай өзгеріс енгізілген.

Заң бойынша, бұл рейтингтегі картинаны тек 22:00–ден 06:00-ге дейін көрсетуге рұқсат. Соған қарамастан, «Ауру» кинотеатрларда лық толы зал жинауды жалғастырды. Алғашқы көрсетілімде көрермендердің орындықтарына жүрегі айныған жағдайда қолдану үшін қағаз қаптар мен дымқыл сүлгілер қойылған.

Фильм рекордтық табысының жартысын премьерадан кейінгі алғашқы демалыс күндері-ақ жинады: үш күн ішінде ол 517 млн теңге тапты. Ticketon.kz деректері бойынша, 4–7 желтоқсан аралығында көрсетілімдерден түскен табыс 33,5 млн теңгені құраған. Ал соңғы екі аптада Қазақстан прокатының көшін «Зверополис 2» бастап келеді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше