Бұл Аиданың толықметражды фильмдегі алғашқы рөлі.
«Дәстүр» картинасының авторлары, «Шекер» сериалының режиссері Айтөре Жолдасқали ұсынған картина қызу талқыланып жатқан кино туындыларының бірі.
Мона Instagram парақшасына түсірілім барысындағы суреттерді жариялап, алған әсерімен бөлісті.
«Мен түсірілім барысындағы қиындықтар туралы жазғым келмейді. Мен басқа нәрсе жайлы айтқым келеді – адамдардың ортасында өзімді қандай жақсы сезінгенім туралы. Көбіне жабық есіктің ар жағында қалып қоятын басқа бір шынайылыққа енудің қандай таңғажайып сезім екені туралы. Өз ісінің мамандарымен, шын жұмыс жасайтын, нағыз шеберлікке енді қадам басып келе жатқан, ішкі «ауруына» қарамастан өз жұмысын сүйетін жандармен бірге жұмыс істеу – үлкен бақыт. Атмосфера, қолдау және шабыт үшін әрқайсысына алғыс айтамын», –
деп жазды актриса.
«Ауру» фильмі 13 қарашада үлкен экранға жол тартты. Туындының сюжеті – ерлі-зайыптылардың әйелді «онкологиялық дертке шалдыққан» деп көрсетіп, жұрттан ақша жинауы туралы өрбиді. Картинадағы негізгі кейіпкерлерді Ділназ Құрманғали мен Аян Өтепберген сомдады.
Осыған дейін Айтөре фильмнің цензураға ұшырағанын хабарлаған еді. Бұған қоса, фильмдегі соңғы эпизод қысқартылған.
Фото: Instagram