«Ұсыныстарды қарастыруға дайынмын»: Бурак Өзчивит қазақстандық фильмдерге түсуі мүмкін

Ақтауда өтіп жатқан «Қорқыт ата» кинофестивалінің құрметті қонағы болған түріктің танымал актері Бурак Өзчивит шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 03 октября 2025, 12:52
Бурак Өзчивит
Instagram: @burakozcivit

Күні кеше актер БАҚ өкілдері және жанкүйерлерімен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Бурак қазақстандық кинорежиссерлердің ұсыныстарын қарастыруға дайын екенін айтты.

«Менің соңғы жеті жыл бойы көрсетіліп келе жатқан телесериалым жақында аяқталады. Одан кейін жаңа шығармашылық жоспарларым бар. Егер Қазақстан тарапынан ұсыныстар түссе, оларды қарастыруға дайынмын. Болашақта қызықты бірлескен жобалар жүзеге асады деп сенемін»,

— деді Өзчивит.

Бурак шараның маңыздылығына назар аударды, ол «Қорқыт ата» кинофестивалінің ерекшелігін атап өтті.

«Бүгінде өткізіліп жатқан кино шаралардың барлығы жақсы. Бірақ, «Қорқыт ата» кинофестивалінің орны мен үшін ерекше. Себебі, оған Қорқыт атамыздың аты берілді. Және көптеген бауырлас Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстанның сынды елдердің басын қосуда»,

— деп бөлісті актер.

Айта кетейік, фестиваль 1 қазанда ашылып, 4 қазанға дейін жалғасады. Шараның ашылуында актер сөз сөйлеп, қазақ халқына алғысын жеткізді.

Кинофестивальдің ұйымдастырылуына Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) бастамашы болды. Осыған дейін ол Ыстамбұл, Бурса, Шуша және Ашхабад қалаларында өткен. Ал 2025 жылы түркі халықтарының басын қосқан бұл айтулы шара алғаш рет Қазақстанда өткізілуде. Мұның себебі – Ақтау қаласының биыл түркі әлемінің мәдени астанасы атануы.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше