Әсел Сағатоваға жаңа рөлі үшін «қартаюға» тура келді

Әсел Сағатова жаңа фильмнің түсірілімі барысындағы кадрларды әлеуметтік желіге жариялады. Онда ол ақ шашты әженің бейнесінде көрінді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 30 сентября 2025, 11:40
Әсел Сағатоваға
Instagram: @asselsagatova

«95 жаста»,

– деп жазды актриса бейнежазбаның астына.

Грим мен жасанды шаштың көмегімен Әсел Сағатова мүлде танымайтын бейнеге енді: көзілдірік тағып, ұзын етекті көйлек киіп, мойнына орамал салып ақ шашты әжейге айналды.

Алайда апа тосын әрекет жасады – ол кенеттен белсенді қимылдап, биледі де, камераға күліп қарады.

Желі қолданушылары актрисаның жаңа бейнесіне түрлі пікір қалдырды.

«Өжет апа», «Тістері түгел екен», «Қартайса әдемі апа болады екен», «Күшті жарасып тұр», «Шошып кеттім ғой», – деп жазды актрисаның оқырмандары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше