«95 жаста»,
– деп жазды актриса бейнежазбаның астына.
Грим мен жасанды шаштың көмегімен Әсел Сағатова мүлде танымайтын бейнеге енді: көзілдірік тағып, ұзын етекті көйлек киіп, мойнына орамал салып ақ шашты әжейге айналды.
Алайда апа тосын әрекет жасады – ол кенеттен белсенді қимылдап, биледі де, камераға күліп қарады.
Желі қолданушылары актрисаның жаңа бейнесіне түрлі пікір қалдырды.
«Өжет апа», «Тістері түгел екен», «Қартайса әдемі апа болады екен», «Күшті жарасып тұр», «Шошып кеттім ғой», – деп жазды актрисаның оқырмандары.
Фото: Instagram