Мерей Әбілова Instagram парақшасында кең әрі заманауи пәтерінің видеосын жариялап, жаңа үйіне алғаш рет шолу жасады.
«Жаңа шаңырағымызға қош келдіңіздер! Баршаңызға жұғысты болсын! Көптен күткен армандаған пәтерімізге көшіп келдік. Үйдің аумағы – 182 шаршы метр. Өзімізге жетеді. Кірген бетте үлкен айна қарсы алады. Өзімізден бөлек келетін қонақтарымыздың да жағдайын жасауға тырыстық. Оларға арналған ұйықтайтын бөлме, қол жуатын жер бар. Интерьерді сұр түсте жасадық, себебі кішкентай қызымыз бар. Балалар болған соң жиһаздардың төзімді болғанын қаладық», –
деді Мерей.
Ару дизайнерден пәтерді қонақ үй стилінде жасауды сұрағанын айтты. Және барлығы өзі қалағандай болып шыққан.
«Қазір жақындарымызды жинап, қоныстой өткізіп жатырмыз. Асүйге үлкен шкаф алдырдық, себебі қонақ шақырғанда ыдыс-аяқ жеткілікті болуы қажет. Сондай-ақ артық заттарды сақтайтын бөлек қойма бөлмесі бар», –
деп бөлісті блогер.
Фото: Instagram