
Instagram: @_m_a_d_l_e_n
Отандық блогерлердің жаппай өздерінің жеке косметикалық брендтерін жарыққа шығаруы желіде қызу талқыланып жатыр.
Енді Мадлен Мамадалиеваның Madlen’s Glow жиынтығын (ерін жылтырағы мен қарындаш) – 17,8 мың теңгеге, Карины Оксукпаеваның Lick ерін жылтырағын – 5,9 мың теңгеге, ал Айым Сейтметованың BlushMe румянасын – 7,9 мың теңгеге сатып алуға болады.
Блогерлер әлеуметтік желілерде өз косметикаларын жарыса жарнамалап, түрлі промо-акциялар ұйымдастыруда.

Nege.Aqsha дерегінше, Lick бренді StartUp Studio компаниясына тиесілі. Оның иелері – Карины Оксукпаеваның күйеуі Арман Юсупов пен олардың досы, кәсіпкер Рүстем Жәлі. Компания 2024 жылдың қарашасында Алматыда тіркелген, бас директоры – Рүстем Жәлі. Сондай-ақ Юсупов пен Жәлі Айым Сейтметовамен бірге 2025 жылдың сәуірінде құрылған Glam Me компаниясының құрылтайшылары. Бұл фирма BlushMe румянасын шығарады.
Ал Мадлен Мамадалиеваның өнімдері 2025 жылдың мамырында тіркелген Madlen’s Glow компаниясы арқылы сатылады. Компанияны блогердің әпкесі Сабина Шакурова басқарады.
Мұндай үрдіс әлемдік шоу-бизнес өкілдері арасында бұрыннан бар. Мысалы, Кайли Дженнердің Kylie Cosmetics, Хейли Бибердің Rhode, Селена Гоместің Rare Beauty брендтері бүгінде жаһандық деңгейде танымал.
Фото: Instagram