Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиіне алғашқы фототүсірілім жасады

Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова кенже қызына алғашқы фотосессия ұйымдастырып, желі қолданушыларын сүйсіндірді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 09 сентября 2025, 11:41
Жұлдыз Әбдікәрімова
Instagram: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз үй жағдайында түскен жаңа суретін stories-ке жүктеді. Ол жанында жатқан кішкентай қызын көрсетті. Сәбидің кішкентай себетке жайғасқанын көрген көпшілік бұл оның алғашқы фотосессиясы екенін бірден аңғарды.

«Камераны сезіп, кәдімгідей модель болды»,

— деп қуанышын жеткізді бақытты ана.

Жұлдыз қызының жеке суретін де бөлісті: онда нәресте ақ жөргекке оралып, құлақшалары бар ақ үлпілдек бас киім киіп жатыр. Жанында сүйкімді ақ аю ойыншығы қойылған.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше