«Жүктілік жарасып тұр»: Аяғы ауыр Альмира Тұрсын жаңа суреттерімен тәнті етті

«Томирис» фильміндегі басты рөл арқылы танылған қазақстандық актриса Альмира Тұрсын екінші жүктілігі кезінде түсірілген жаңа фотоларын жариялады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 18 ноября 2025, 10:33
Альмира Тұрсын
Instagram: @almiratursyn

Актрисаның Instagram парақшасында пайда болған бұл кадрлар тыныштық пен үйлесімге толы. Суреттерде «Томирис» жұлдызы қарлы пейзаж аясында қара пәлте мен сұр түсті жайлы белдемше мен жемпірді үйлестіре киген. Мойнында ақ шарф, ал жүзінде — ерекше жылулық сыйлайтын әдемі жымиыс.

«Тәтті қараша», —

деп жазды актриса.

Желі қолданушылары актрисаның табиғи сұлулығына сүйсініп, жылы пікірлерін қалдырды.

«Тәтті қараша, тәтті сұлулық», «Жүктілік сізге сондай жарасады», «Қиындықсыз жеңіл босануды тілейміз», «Тамаша кадрлар», «Ең әдемі актриса», «Жүктілік сізді тіпті ажарландырып жіберіпті», — деп жазды Альмираның оқырмандары.

Айта кетейік, өткен қазан айының ортасында Альмира Тұрсын екінші рет ана атанатынын және ұзақ уақыттан бері тұрмыста екенін жариялаған еді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше