Жансая Әбдімәлік не себепті шахматтан кеткенін және тұңғышына қандай есім қойғанын айтты

Белгілі қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Instagram желісінде өз жазылушыларының сұрақтарына жауап берді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 15 октября 2025, 13:31
Жансая Әбдімәлік
Instagram: @zhansaya_abdumalik

Әңгіме оның сүйікті ісіне қайта оралуы мен сәбиі жайлы өрбіді. Жансаяның оқырмандары шахматтан не себепті кеткені туралы сұрады.

«Өйткені мен басқа маңызды істермен айналысып жүрмін», –

деп жауап берді Жансая.

Сондай-ақ ол сүйікті ісіне қашан оралатыны туралы да айтты.

«Шахмат – менің өмірімнің ажырамас бөлігі. Бірақ қазір мен басқа кезеңдемін – отбасыммен, аналық қуанышпен және ішкі қалпыма келумен айналысып жүрмін. Қайтадан тақтаға отыруды қаласам, міндетті түрде ораламын. Егер қаламасам, басқа да маңызды істермен айналысамын», –

деп бөлісті ол.
Жансая Әбдімәлік не себепті шахматтан кеткенін және тұңғышына қандай есім қойғанын айтты
Instagram/stories: @zhansaya_abdumalik

Ал «Сәбиге қандай есім қойдыңыз?» деген сұраққа Жансая қырқынан шығару рәсіміне арналған ыдыс бейнеленген фотосуретпен жауап берді. Ондағы жазуға қарағанда, шахматшы ұлының атын Ансар деп қойған.

Жансая Әбдімәлік не себепті шахматтан кеткенін және тұңғышына қандай есім қойғанын айтты
Instagram/stories: @zhansaya_abdumalik

Айта кетейік, 2025 жылдың 8 тамызында Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желіде жүкті кезіндегі суретін жариялап, жанкүйерлерін таңғалдырған еді. Көпшілік сурет қыста түсірілген деп болжады және шахматшының босанып қойғанын айтып, оны құттықтаған еді. 10 тамызда Жансая бұл жаңалықты растап, өзіне жылы лебіз білдіргендердің барлығына алғысын айтты.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше