Продюсер мереке кезінде түсірілген суреттерді жариялап, алдағы шығармашылық жоспарымен де бөлісті.
Жарияланған суреттерде Баян Мақсатқызы ұлттық әсем киіммен, қолына қызы Алисаны алып түскен. Желіден жолдасы Тұрсын Алагөзовтың кішкентай Алмамен түскен суретін және басқа да жақындарын көруге болады. Сонымен қатар «тұсау кесу» рәсімінен де сәттер жарияланды.
«Адам ішінде не бар, соны шашады! Мен ертегіні, сұлулықты, сиқырды және мерекені жақсы көремін! Иә, менің келесі көркем фильмім – нағыз қазақ ертегісі болады. Онда ханшайымдар, сиқыршылар, перілер, Ұмай ана және айдаһарлар бар»,
деді ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары продюсердің мерекелік образын жоғары бағалады.
«Неткен әдемісіз, Баян Мақсатқызы», «Бәрі тамаша, бірақ үкілі тақияны мұндай жаста кимейді ғой», «Тамаша көрініс! Біздің ұлттық дәстүрлер, киімдер, әшекейлер», «Қазақтың ұлттық киімі өте әдемі, сондай жарасып тұр сіздерге», «Ол ертегіңіз қашан жарыққа шығады?», – деп жазды продюсердің оқырмандары.
Фото: Instagram