Роза Рымбаева неге үш рет депутат болудан бас тартқанын айтты

Кеңес және Қазақстанның танымал эстрада жұлдызы Роза Рымбаева журналист Қанат Тілеуханға берген сұхбатында өзіне бірнеше рет депутат болуды ұсынғанын, бірақ бас тартқанын айтты.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 29 октября 2025, 12:14
Роза Рымбаева
Instagram: @rozarymbaeva

«Мен үш рет депутаттыққа ұсынылдым, екі рет – «Нұр Отан» партиясынан, бір рет – Бостандық ауданы әкімінің бастамасымен. Бірақ мен үшеуінен де бас тарттым», –

деді әнші.

Журналист «Неліктен бас тарттыңыз?» деп сұрағанда, Роза Қуанышқызы өзін бұл саланың маманы деп есептемейтінін айтты.

«Мен – депутат емеспін, саясаткер де, заңгер де емеспін. Ол жерде отырған біздің әріптестерді көрдіңіз ғой, сіз білесіз, аттарын айтпаймын. Не бітірді? Не айтты? Не үлес қосты? Көбінесе атақ үшін барды деп ойлаймын», –

деді Рымбаева.

Ал тілші оның бұл шешіміне билік өкпелемеді ме деп сұрағанда, әнші:

«Менің ол салаға қатысым жоқ, сондықтан қатыса алмайтынымды айттым», –

деп түсіндірді.

Әлеуметтік желі қолданушылары Роза Рымбаеваның бұл ұстанымын қолдап, жылы пікірлер қалдырды.

«Дұрыс айтқан. Әркім өз ісімен айналысқаны жөн», «Ойлау деңгейі, көзқарасы өте мықты екен», «Саясатты жақсы білетін жастар тұрғанда, неге әртістер мен спортшылар депутат болуы керек?» « Роза Рымбаева таза адам, білімді адам ғой! Өз басым әртістер ғана емес, ғалымдар арасынан бұлайша ой толғай алар адамды өте сирек кездестірдім», – деп жазды оқырмандар.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше