Қазақтың «Кадет» атты фильмі «Оскар» жүлдесіне үміткер атанды

Режиссер Әділхан Ержановтың «Кадет» фильмі АҚШ-та өтетін «Оскар» сыйлығында «Үздік халықаралық толықметражды фильм» номинациясында Қазақстан атынан ұсынылды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 30 сентября 2025, 13:52
қазақтың фильмі Оскар
Pexels: Kyle Loftus

Бұл жаңалықты режиссер әрі сценарист өзінің Instagram парақшасында хабарлап, қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс білдірді.

«Әскери мектептегі қорқынышты фильм сценарийімен жүрген кезімде көптеген компаниялар «тым қараңғы, тым авторлық кино» деп бас тартқанын жақсы есімде. Ақыры фильм Берлин, Токио, Карловы Вары, SXSW және өзге де фестивальдерде көрсетілді. Ең бастысы – прокатта шағын бюджетін толық ақтап шықты. Енді біздің комитет тарапынан «Оскар» номинациясына ұсынылып отыр. Біздің көрермен әртүрлі киноны қалайды. Біздің жанрлар жаңарып келеді!»,

– деп жазды Әділхан Ержанов.

Айта кетейік, «Кадет» фильмі 2024 жылы Tiger film кинокомпаниясының өндірісінде түсірілген. Картинада ұлы әскери мектепке түскеннен кейін өзгеріп сала берген ананың оқиғасы баяндалады.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты қуана қабылдап: «Керемет!», «Супер жаңалық», «Қазақ киносы жасасын!», «Әділхан, құттықтаймыз!», «Ақыры жеттік!» деген пікірлер қалдырды.


Фото: Pexels

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше