«Осындай келін болса ғой»: Ақерке Бүркітбай жұмыс күнін қалай өткізетінін көрсетті

Қобызшы, Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай Instagram желісіндегі жеке блогында өзінің күн тәртібімен бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 29 августа 2025, 12:24
Ақерке Бүркітбай
Instagram: @akerkeburkitbay

Ақерке өнер жолын да, ана болуды да қатар алып жүр. Ол шығармашылығымен де айналысып, баласына көңіл бөлуді де ұмытпайды.

Танымал тренд форматында түсірілген қысқа бейнероликте Ақеркенің бір күні көрсетілген: таңғы сағат 8-де тісін жуып, 10-да спортзалға барады. Түскі уақытта бет әрлеуге кірісіп, кейін ұлттық киімде сахнаға дайындалғанын көруге болады. Ал кешкі сағат 8-де ол баласымен бірге уақыт өткізеді.

«Үйге жеткенше асыққан жұмыс күні»,

деп жазды Ақерке.

Желі қолданушылары Ақеркенің еңбекқорлығына тәнті болды.

«Инабатты, қарапайым Ақерке», «Жарайсың, бәріне үлгереді – ас та пісіреді, баласына да қарайды. Осындай келін болса ғой», «Жарайсың шеркештің қыздары», – деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше