Оливия Родриго: танымалдылығын әйелдерді қолдауға қалай пайдаланады

Оливия Родригоның АҚШ-та тек әйел орындаушылар қатысатын Daisy Chain Fields фестивалін ұйымдастыруы музыкалық индустрияда үлкен назар аудартты.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 12 августа 2026, 13:06
Оливия Родриго
Instagram: @oliviarodrigo

Әнші үшін бұл бастама — әйелдерді қолдауға бағытталған жұмысының заңды жалғасы. Ол өз танымалдылығын әлеуметтік мәселелерді көтеруге және әйелдерге нақты көмек көрсетуге тұрақты түрде пайдаланып келеді.

«Жақсы қыз» болу қысымы

Родриго шығармашылығында әйелдерге қоғам тарапынан қойылатын талаптар жиі көрініс табады. Мысалы, All-American Bitch әнінде ол әйелден үнемі әдемі, мейірімді, сексуалды, қарапайым әрі ризашыл болуды күтетін қоғамды мысқылдайды. Әннің жайлы, сабырлы шумақтарының кенеттен қатты әрі өткір қайырмаға ауысуы — әйелдердің іште сақтап, сыртқа шығара алмайтын ашуын көрсетеді.

Әнші әйелдер мәселесін тек музыкада ғана көтермейді. Сұхбаттарында ол жас әйелдердің сексизмге, қоғамдық қысымға және «мінсіз» болу талабына тап болатынын айтып келеді. Оның өзі де бала кезінен «жақсы қыз» болуға және бәрін мінсіз жасауға қысым сезінгенін айтқан.

Disney жұлдызынан әлемдік сахнаға

23 жастағы Родриго мансабын Disney жобаларынан бастады. 16 жасында All I Want әнін жазып, Billboard Hot 100 чартына енді.

2021 жылы шыққан Drivers License әні оны әлемге танытты. Баллада Billboard Hot 100 чартының бірінші орнына көтеріліп, стриминг платформаларында бірнеше рекорд орнатты.

Оның Sour дебюттік альбомы да үлкен жетістікке жетіп, Billboard 200 чартының көшін бастады. 2022 жылы Родриго «Грэмми» сыйлығының үш дүркін иегері атанды.


Фото: Instagram

Дереккөз: Forbes.ru

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше