Мерей Әбілова қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Блогер перзентханада түсірілген бірнеше суреттерді жариялап, жаңа туған сәбиін жолдасымен бірге құшағына алған сәтін көрсетті.
«Ұлым, қош келдің өмірге! Аллаға шүкір. 07.08.26», –
деп жазды Мерей.
Желі қолданушылары мен қазақстандық шоу-бизнес өкілдері жас ата-ананы қуанышты жаңалығымен құттықтап, ана мен сәбиге ақ тілектерін жолдады.
«Бауы берік болсын. Үлкен ер азамат болсын!», «Ең тәтті сәби дүниеге келді», «Мерей, тезірек қалпыңа келіп, бөбегіңе мықты денсаулық тілеймін», – деген пікірлер жазылды.
Кейбір оқырмандар өздерінің ана атанған кездерін еске алып, Мерейге жылы лебіздерін білдірді.
Фото: Instagram