Мерей Әбілова мен Дінмұхаммед Қашкен екінші рет ата-ана атанды

Қазақстандық блогер Мерей Әбілова мен оның жұбайы, футболшы Дінмұхаммед Қашкен отбасыларында қуанышты жаңалық. Жас жұбайлардың екінші перзенті дүниеге келді. Бұл жолы олар ұлды болды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 11 августа 2026, 11:14
Мерей Әбілова
Instagram: @abilovva_m/@dimash_kashken

Мерей Әбілова қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Блогер перзентханада түсірілген бірнеше суреттерді жариялап, жаңа туған сәбиін жолдасымен бірге құшағына алған сәтін көрсетті.

«Ұлым, қош келдің өмірге! Аллаға шүкір. 07.08.26», –

деп жазды Мерей.

Желі қолданушылары мен қазақстандық шоу-бизнес өкілдері жас ата-ананы қуанышты жаңалығымен құттықтап, ана мен сәбиге ақ тілектерін жолдады.

«Бауы берік болсын. Үлкен ер азамат болсын!», «Ең тәтті сәби дүниеге келді», «Мерей, тезірек қалпыңа келіп, бөбегіңе мықты денсаулық тілеймін», – деген пікірлер жазылды.

Кейбір оқырмандар өздерінің ана атанған кездерін еске алып, Мерейге жылы лебіздерін білдірді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше