Фариза Ескермес жұбайымен Алматыда ретро стильде фотосессия өткізді

Қазақстандық актриса Фариза Ескермес жұбайымен бірге ретро стильде фотосессия ұйымдастырып, суреттерін Instagram парақшасында бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 29 октября 2025, 10:30
Фариза Ескермес
Фотограф: Олеся Капыткина

«Бұрында осылай суретке түсуші еді ғой. Әйелің актриса болса осы енді. Жүресің заманнан заманға ауысып, фотоға түсіп, қыдырып. Алматының символына айналған жерлерінде түстік. Ең әдемі қала біз үшін Алматы. Қанша ел, жер көріп жүрсек те, бұл өңірге жетпейді екен. Ал күзде Алматы ерекше ертегідей»,

– деді Фариза.

Актриса мен оның жұбайы ретро киім үлгісінде Абай атындағы опера және балет театрының, «Қазақстан» қонақ үйінің, «Медеу» мұз айдынының және Терренкур аймағында суретке түскен.

Желі қолданушылары суреттерге жылы пікір қалдырды.

«Керемет атмосфера», «Тура осылай киінетін, атмосфера жақсы келіп тұр», «Андрей рөлге жүз пайыз кірген», «Осылай түскенге ештеңе жетпейді. Қазір жасандылық көп», «Андрейге киноға түсу керек», – деп жазды оқырмандар.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше