«Енді мен қалыңдықпын»: Әлия Ануарбек тұрмысқа шығады

Қазақстандық актриса Әлия Ануарбек (Телебарисова) «MOM’sкий әңгіме» подкастының жүргізушісі әрі әріптесі Айнұр Ілиясоваға өміріндегі маңызды өзгеріс туралы айтты.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 21 октября 2025, 11:42
Әлия Ануарбек
Instagram: @aliya_anuarbek

«Жаужүрек мың бала» фильмінің жұлдызы тұрмысқа шығатынын хабарлады. Бұл туралы ол Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында айтты. Сұхбаттың үзіндісі Instagram желісінде жарияланды.

«“Бақыт құшағында” фильмінің түсірілімі кезінде мен шын мәнінде бақыт құшағында болдым. Ол маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, енді мен қалыңдықпын», –

деп қуанышты жаңалығымен бөлісті Әлия Ануарбек.

«Керемет жаңалық!», «Құттықтаймыз!», «Вау, Әлия үшін қуаныштымыз!», «Әр әйел бақытты болуға лайық!», «Нағыз ертегідей!» – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары, олардың арасында отандық шоу-бизнес өкілдері де бар.

Подкаст жүргізушісі Айнұр Ілиясова жақын күндері актрисамен толық сұхбат жарияланатынын мәлімдеді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше