«Жаужүрек мың бала» фильмінің жұлдызы тұрмысқа шығатынын хабарлады. Бұл туралы ол Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында айтты. Сұхбаттың үзіндісі Instagram желісінде жарияланды.
«“Бақыт құшағында” фильмінің түсірілімі кезінде мен шын мәнінде бақыт құшағында болдым. Ол маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, енді мен қалыңдықпын», –
деп қуанышты жаңалығымен бөлісті Әлия Ануарбек.
«Керемет жаңалық!», «Құттықтаймыз!», «Вау, Әлия үшін қуаныштымыз!», «Әр әйел бақытты болуға лайық!», «Нағыз ертегідей!» – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары, олардың арасында отандық шоу-бизнес өкілдері де бар.
Подкаст жүргізушісі Айнұр Ілиясова жақын күндері актрисамен толық сұхбат жарияланатынын мәлімдеді.
Фото: Instagram