Маңғыстаудың көз тоймас көркем табиғаты Фариза Ескерместі және оның әріптестері — Айнұр Ілиясова, Қарлығаш Мұхамеджанова мен Жазира Еркінді тәнті етті. Олар жуырда Ақтауда өткен Түркі әлемі елдерінің «Қорқыт ата» кинофестиваліне қатысқан болатын.
Фариза өз жазбасында бұл өңірдің ерекше энергиясын сезінгенін атап өтті.
«Бұл жердің ерекше , сөзбен жеткізе алмайтын бір энергетикасы, киесі, мысы бар. Жалпы Маңғыстауға басымды идім. Көзіме жас келіп, осындай жеріміздің барына рахмет деп , ата-бабамызға деген алғысымды бірінші рет жүрекпен сезіндім. Оған дейін жәй ғана сөзбен айтып жүр екенмін.. Біз қазір бақыттымыз. Соны ұқтым. Мына жерге келмеген болсаңыз, барыңыз. Асықпай аралаңыз. Бозжыра, Айрақты, Шерқала... Одан бөлек Шопан ата, Бекет Атаға ниетпен барып дұға тілесеңіз, орындалады дейді, өте киелі жер»,
— деп жазды актриса.
Желі қолданушылары фотосуреттерге тамсана пікір қалдырды.
«Ғажайып!», «Маңғыстау аспан астындағы мұражай деп бекер айтылмаған», «Керемет табиғат пен әдемі Фариза!», «Рахмет келгеніңізге, Маңғыстаудың ерекше қасиетті жерлеріне барғаныңызға», — деп жазды олар.
Фото: Instagram