Ерке Есмахан мен RaiM-ның ұлы Ислам екі жасқа толды.
«Құлыным, 2 жасың құтты болсын, Аллаһ сені әрдайым қолдасын және қорғасын», –
деп жазды бақытты әке.
Видеода кішкентай Ислам туған күніне арналған торттағы шамды ағасы Муслимнің ұсынуымен сөндірді. Отбасы дәстүрлі «Happy Birthday To You» әнін орындады. Артында түрлі-түсті әуе шарлары мен қоңыр аю бейнеленген үлкен шар көрінді.
Әлеуметтік желі қолданушылары Ерке мен RaiM-ды ұлдарының туған күнімен құттықтап, балаға ұзақ және бақытты өмір тіледі.
«Бәрекелді! Үлкен азамат болсын. Жан-жағына шуақ сыйлап жүрсін!», «Құтты болсын! Бақытты ұзақ ғұмыр сүрсін!», «Жымиғаны папасы», «Әкесіне ұқсаған екен», «Мамасы мен әкесіндей талантты болсын», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram