Әнші бірнеше сурет жүктеген. Кадрлардан Еркені жолдасы RaiM және балаларымен бірге көруге болады.
«Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады деген сөздің мағынасын біздің жанұяға қарап түсіне берсеңіздер болады! Шүкір! Өзім, өнерім, күйеуім, отбасым туралы сөз, өсек, сын, мінді тым көп естіген адам ретінде түйгенім: не болса да бәрі бір Алланың қалауымен ғана болады. Ол — Білуші! Ол — Бұйырушы! Ал адамдардың сөзі — жәй ғана шу. Айтайын дегенім, қазіргі ақпаратқа лық толы ғаламторда сөзге де, көзге де сақ болыңыздаршы. Басқа бәленің бәрі тілден. Артық пікір айтудан аулақ болыңыздар! Өзіңіз үшін, ұрпағыңыз үшін! Өтініш. Бақытты болайық», —
деп жазды Ерке.
Желі қолданушылары әдеттегідей әншінің бұл жазбасын елеусіз қалдырмады.
«Еркенің стилі голливудтық актрисалардан кем емес», «Бір-бірін тапқан жүректер», «Өте керемет жанұя, көрген сайын мәз боламын», «Сөзбен емес, іспен дәлелдеген жұп!», «Осы екеуіне шын бақыт тілеймін! Өте жарасымды жұп», — деген пікірлер қалдырды Еркенің оқырмандары.
Фото: Instagram