«Қайратпен егіз сияқты»: Желіде Қайрат Нұртасқа ұқсайтын жігіт пайда болды

Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртасқа ұқсайтын жігіт желіде күннен-күнге танымал бола түсуде. Ол әншінің образына пародия жасайды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 20 ноября 2025, 13:02
Қайрат Нұртас
Instagram: @kair_n

Жігіт Қайрат Нұртастың репертуарындағы әндерді орындайды. Сонымен қатар әншінің ажырамас бейнесіне айналған қара көзілдірікті тағып жүреді.

Әлеуметтік желі қолданушылары жас жігіттің Қайратқа қатты ұқсайтынын жазып жатыр.

Әншінің «егізінің» видеолары желіде мыңдаған қаралым жинауда.

Желі қолданушылары видео астында түрлі пікір қалдыруда:

«Қайратпен егіз сияқты», «Ұқсастық бар», «Биін үйренсе, тойға шығуға болады», «Көзілдірігі дұрыс емес», «Қайрат Нұртастың өзі мұны қалай қабылдар екен?», «Қайраттың жас кезіндегі түрі», «Жоқ, онша емес», «Енді Нұртастың харизмасы болса болғаны», – деп жазуда қолданушылар.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше