«Еліктірер көрініс»: Әсел Сәдуақасова қараса көз тоймайтын суреттерімен бөлісті

Қазақстандық актриса, әнші және продюсер Әсел Сәдуақасова әлеуметтік желіде табиғаттың ғажайып көрінісін жариялады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 14 ноября 2025, 11:55
Әсел Сәдуақасова
Instagram: @asselsadvakassova

Әсел Сәдуақасова тағы да экзотикалық аралдардың бірінде. Ол ұзын қара көйлек киіп, 700 жылдық алып, құпияға толы ескі ағаштың түбінде суретке түскен. Табиғатпен етене жақын болу актрисаға тыныштық пен ішкі үйлесім сыйлайтынын айтады.

«Қараңыздаршы, қандай әдемі ағаш! Жасы 700-де. Әлі күнге дейін жайқалып тұр, қуатты, сонымен бірге өте сабырлы, жылы энергетикасы бар. Түпнұсқалық табиғат», —

деп жазды ол.

Желі қолданушылары да әдемі табиғаттың көрінісін бағалап, жылы пікірлер қалдыруда.

«Қандай керемет», «Ағаш ерекше екен, сіз де сұлусыз», «Сөзбен жеткізу мүмкін емес», «Ғажап», «Сипаттауға сөз жетпейтін сұлулық», — деп жазды Әселдің оқырмандары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше