32 жасқа толған Гүлназ Жоланова АҚШ-та түскен суреттерін көрсетті

«Бизнес по-казахски» және «Әкім» фильмдерінің жұлдызы, қазақстандық актриса Гүлназ Жоланова өзінің Instagram парақшасында Калифорниядан түсірілген фотосуреттермен бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 13 ноября 2025, 12:04
Гүлназ Жоланова
Instagram: @zholanova_gulnaz

Бүгін, 12 қараша күні, актриса 32 жасқа толды. Туған күнін ол отбасымен бірге атап өтті.

«32 жасымды Сан-Францискомен қоштасып қарсы алып жатырмын. 30-дан бері туған күніме ұмытылмас вечеринка жасаймын деп жүргеніме үш жыл болды. Күз келген сайын жоспар өзгереді де, үшеуміз алыс жерден бір шығамыз. Компания сол баяғы, тек соңғы сандар ғана өзгеруде. Шүкір. Ішімдегі кішкентай Гүлназды құшақтап, сүйіп, туған күнімен құттықтаймын. Жақсы көремін. Мақтанамын», –

деп жазды актриса.

деп жазды актриса.

Гүлназды туған күнімен Әли Оқапов, Дана Нұржігіт, Индира Еділбаева, Айнұр Ілиясова және отандық шоу-бизнестің өзге де өкілдері құттықтады. Сондай-ақ актрисаның жанкүйерлері де жылы лебіздерін білдірді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше