Маңызды сәтпен оны экс-жұбайы, актриса әрі әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет те құттықтады.
Айдарқұлов Instagram-да мешітте түсірілген суреттерін жүктеп, некелескенін жария етті. Кадрларда ол ақ орамал таққан арумен бірге тұр.
Алайда Айдарқұловтың таңдауы көпшілікке жұмбақ күйінде қалды — қыздың жүзі суретте көрінбейді.
Дәуреннің экс-жұбайы Ақбота-Нұр Сейітмағамбет бұрынғы күйеуін құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын»,
– деп жазды.
Бұл жазба көпшіліктің қызу талқысына түсті. Кейбір желі қолданушылары суреттегі ару Ақбота болуы мүмкін деген ой білдірді.
«Бұл Ақбота сияқты, әйтпесе бұлай жазбас еді», «Өзіңді өзің құттықтап отырсың ба? Көрерменді шатастырма», «Қолдарыңыз ұқсайды, Ақбота», – деп пікір қалдырды олар.
Желіде басқа адамдар да әртүрлі пікір қалдырды.
«Тағы да ма?», «Әр еркек бақытты болуға лайықты», «Ақбота емес, ұқсамайды», «Уйленуден шаршамайды екенсің», – деген пікірлер жазылды.
Фото: Instagram