Қонақтардың алғашқы шабуылдарының бірі нәтижелі аяқталып, 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев есеп ашты.
Сәтбаев кездесудің 7-минутында айып алаңы сыртынан күшті соққы жасап, допты қақпаның тоғыздығына дәл бағыттап, қарсылас қақпашысын қапы қалдырды.
Алайда араға уақыт салып, «Челси» өз қақпасына гол жіберіп алды. Алаң иелері сапынан Энтони Пантажопулос мергендігімен көзге түсті.
Бірінші таймның ортасына қарай австралиялық ұжым есепте алға шықты. Бұл жолы Эйдан Хэммонд дәл соққысымен ерекшеленді. Дегенмен Хаби Алонсо жаттықтыратын команда көп ұзамай таразы басын теңестірді.
Үш ойыншының қатысуымен өрбіген шабуылды Дастан Сәтбаев бастап берсе, оны Дариу Эсугу нәтижелі соққымен аяқтады. Осылайша алғашқы 45 минут тартысты өтіп, командалар үзіліске 2:2 есебімен кетті.
Фото: Instagram