Жұлдыз Instagram парақшасында жүктілік кезінде бар назарын тек өз жағдайына аударғанын айтып, енді жұмысына оралатынын жазды.
Жақында ол қызының қырқынан шығару рәсімін өткізді. Сәбиге Рабия Сұлтан есімі берілген.
«Шүкір, Алланың қалауымен бәрі де ретімен, сәтімен, өзім жоспарлағандай өтті. Енді екеуміз де қырқымыздан шығып, буынымыз қатып, бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп отырмыз. Мен Рабия Сұлтанға қыдыруға, ол маған жұмысқа оралуыма рұқсат бердік. Демек, ресми жұмысқа кірістім деп айта аламын», –
деп жазды актриса.
Сонымен қатар Жұлдыз қызы Сезімге алғаш рет жүктілігі жайлы айтқан сәтімен бөлісті.
Фото: Instagram