Түсірілім киіз үй ішінде және алма ағаштары жайқалған бақта өткен. Баян Мақсатқызы мен жұбайы Тұрсын Алагөзов дәстүрлі қазақы киім киген.
Олардың қыздары Алма мен Алиса да әдемі ұлттық нақыштағы көйлектермен көзге түсті. Сондай-ақ фотосуреттерде продюсердің анасы мен ортаншы қызы Айару да бар. Алагөзова түсірілім орны ретінде Антальяны көрсеткен.
Желі қолданушылары жылы пікірлерін аямады.
«Маған Алиса әкесіне қатты ұқсайтын сияқты», «Құдай-ау, қандай әдемі отбасы! Қандай сұлу адамдар», «Алиса мультфильм кейіпкеріндей сүйкімді», «Баян Мақсатқызы жас дегеннің маңызы жоқ екенін тағы дәлелдеді», «Баян жақсы болды, қыздарыңмен бірге бақытты ғұмыр кеш, отбасыңа бақыт тілеймін», – деп жазды оқырмандар.
Фото: Instagram