Биыл шараға Венгрия елінің қосылуы оның географиясын кеңейтті. Төрт күн бойы көрермендер байқау және байқаудан тыс фильмдерді тамашалап, шығармашылық кездесулер мен киносаммитке қатысты. Кинофестивальдің шарықтау шегі 4 қазанда өткен гала-кеш пен марапаттау рәсімі болды.
«Қорқыт ата» кинофестивалінің жеңімпаздары:
- Ең үздік көркем фильм — «Кара. Кызыл. Сары» (реж. Актан Арым Кубат, Қырғызстан)
- Ең үздік режиссер — Аруан Анартай (Joqtau, Қазақстан)
- Ең үздік сценарий — Талех Юзбейов (May be, Әзербайжан)
- Ең үздік актриса — Юлдуз Раджабова (Shamskamar, Өзбекстан) және Мине Доған (Beyond the Rails, Түркия)
- Ең үздік актер — Парвиз Маммадрзаев (Oil, Әзербайжан)
- Ең үздік деректі фильм (Гран-при) — Gingerbread for her father, my grandfather, her grandfather (Қазақстан) II орын — Nargin: Mysterious till the end (Түркия) III орын — In the Footsteps of Bartok (Венгрия)
- Қазылар алқасының арнайы жүлдесі — Boz Ui (Қырғызстан)
- Деректі фильм аталымындағы жүлде — Sounds of the mountains (Түркия)
Арнайы марапаттар да өз иелерін тапты. «Кинобизнестің дамуына қосқан үлесі үшін» сыйлығы Kinopark компаниясына (Алмас Мендыбаев) табысталды. Ал TÜRKSOY ұйымының «Түркі мәдениетіне қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығына қазақстандық актриса Самал Еслямова ие болды. Сондай-ақ қазылар алқасының арнайы жүлдесі «Kitap» (Түрікменстан) және «Kachkyn» (Қырғызстан) фильмдеріне берілді.
Ақтауда өткен «Қорқыт ата» кинофестивалі түркі елдері арасындағы мәдени диалог пен шығармашылық байланысты нығайтқан маңызды алаңға айналды. Қазақстан алғаш рет бұл ауқымды шараны өткізіп, Түркі киносының жаңа орталығы ретінде өз мәртебесін айқын көрсетті.
Фото: Pexels