7 қыркүйекте Балықтар белгісінде болатын толық Ай тұтылуы маңызды ашылуларға, өзін-өзі құрбан етуге және шынайылықты тексеруге мүмкіндік береді. Бұл уақытта Сатурн аспандағы өз орнына қайта оралады. Бұл нені білдіреді? Аталмыш ғаламшар әдетте қиял-ғажайып көріністер мен әсемдікті білдіретіндіктен, біз кинодағы секілді қиял мен эмоцияға берілуіміз мүмкін. Сонымен қатар ойымызға анық түсініктер келеді. Ал бұл толған айда Юпитердің қолдауы жағдайды жағымдырақ етіп, тіпті сәл сезімталдық қосуы ықтимал.
Айдың екінші жартысында біздің назарымыз 21 қыркүйекте болатын Бикеш белгісіндегі жаңа Айға ауысады, ол күн тұтылуымен тұспа-тұс келеді. Бұл кезең жаңа бастамаларды қарсы алып қана қоймай, маңызды кезеңдердің аяқталуын да білдіреді. Көпшілігі үшін бұл ай толыққанды аяқталу сезімімен ерекшеленуі мүмкін.
22 қыркүйектен бастап барлық белгілерге оң әрекеттер жасау жеңілдейді, өйткені Марс Сарышаян белгісіне кіреді. Дегенмен абай болу керек, өйткені Плутон эмоциялық шиеленісті күшейтуі ықтимал. Бұл кезең күзгі күн мен түн теңелуімен сәйкес келіп, 2025 жылдың соңғы бөлігіне қадам басқанымызды білдіреді.
Тоқты
Бұл айда денсаулығыңа және жеке қалыпқа келу үшін қолданатын әдістерге ерекше көңіл бөл. Инстинктің мен интуицияңа құлақ түріп, күнделікті өмірге жаңа көзқараспен қара. 22 қыркүйектен бастап қарым-қатынастар нығаяды, бірақ сезімдерді білдіруде абай бол.
Торпақ
Маңызды сабақтарды сен араласатын ортаңнан ала аласың. Дегенмен, отбасы мәселелеріне де көбірек көңіл бөлу қажет. Әсіресе 18 қыркүйекте үйіңде тәртіп пен жайлылықты сақтауға тырыс. 19-ынан бастап сені романтика, құштарлық, бақыт пен жан толқынысы баурап алады. Ал 22 қыркүйектен бастап қарым-қатынас алдыңғы орынға шығады. Өзіңе де, өзгелерге де жұмсақ бол.
Егіздер
7 қыркүйектегі толық Ай сенің мансабыңа, қоғамдағы беделіңе немесе жауапты рөліңе оң ықпал етеді. Дегенмен, бұл айда ішкі тұрақтылық пен қауіпсіздік те маңызды. Отбасы мен үйіңе назар аудар, сонымен бірге биік мақсаттарға ұмтыл. 18 қыркүйектен бастап шығармашылық немесе махаббат жобалар көңіл-күйіңді көтереді. Бірақ көңіл көтеруді практикалық жоспарлармен теңестір.
Шаян
7 қыркүйектегі Ай тұтылуы сенің даналығыңды, білім жолыңды және жеке дамуыңды күшейтеді. 14 қыркүйекте соңғы ширек Ай кезінде шағын демалыс ұйымдастыр. Ал 21 қыркүйекте туыстарыңмен, достарыңмен немесе сенетін ортаңмен сөйлес. Бұл күн тұтылуы сенің қарым-қатынас дағдыларыңа, жергілікті байланыстарыңа әсер етеді, сондықтан бағытыңды қайта қарауың мүмкін.
Арыстан
7 қыркүйектегі толған ай қарым-қатынас, сенім мәселелері, ортақ кеңістік пен қаржылық инвестицияларды алдыңғы орынға шығарады. Айдың қалған бөлігі сенің жеке мүмкіндіктеріңе көбірек қатысты болады. «Мен не істеуім керек?» деген сұрақтардан арылып, өз күшіңе деген сенімді тереңдет.
Бикеш
7 қыркүйектегі Ай тұтылуы сенің серіктестіктеріңе және қарым-қатынастарыңа ерекше әсер етеді. Алдағы айда жеке де, кәсіби өміріңде де үлкен өзгерістер орын алуы мүмкін, артық дүниеден арылу процесі жүріп жатыр. 21 қыркүйектегі жаңа Айда жаңа бейнеңді таныстырсаң, назардың бәрі сенде болады.
Таразы
Бұл айда сенің жұмыс әдістерің, күн тәртібің және денсаулыққа қатысты әдеттерің маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік орта мен достарың қолдау көрсетеді. 19 қыркүйектен бастап сәл баяулау қажет болуы мүмкін. Қажетті өзгерістерді қабылдап, 22 қыркүйектегі күн мен түн теңелуіне дайындал.
Сарышаян
7 қыркүйектегі Ай тұтылуы сенің шығармашылық қабілеттеріңді, махаббатты, сексуалдылықты және өзін-өзі көрсетуіңді күшейтеді. Маңызды түсінік жүрегіңе тікелей жетіп, жолыңды айқындауы мүмкін. Достарыңмен және қоғаммен қарым-қатынастағы өзгерістер өзін-өзі тануға итермелейді. 22 қыркүйекте Марс сенің белгіңе кіріп, Плутонға қарсы тұрады — бұл күні сабырлы болуға тырыс.
Мерген
7 қыркүйектегі Ай тұтылуы сенің үйіңді, қауіпсіздігіңді, мүлкіңді және жеке өміріңді айқындайды. Сонымен қатар, айдың соңына қарай беделіңе, кәсібіңе немесе мәртебеңе байланысты өзгерістер болуы мүмкін. Достарыңмен және сенетін адамдармен байланыста бол, олар саған логикалық әрі шынайы пікір береді.
Тауешкі
7 қыркүйекте қарым-қатынастар мен өзара түсіністік маңызды болады. Ай тұтылуы сенің ойлау жүйеңді, идеяларыңды және қарым-қатынас дағдыларыңды алға шығарады. 21 қыркүйектегі күн тұтылуы сенің дүниетанымыңды өзгертуі мүмкін, жаңа философияға бет бұрғызады. Бірақ сен таныс әрі қауіпсіз жолдан айырыла алмай қиналуың ықтимал.
Суқұйғыш
7 қыркүйектегі Ай тұтылуы сенің қаржылық жағдайыңды айқындайды. Бұл өмір салтыңа, әдеттеріңе және күн тәртібіңе берік болуға шақырады. 21 қыркүйекте қарым-қатынаста, міндеттемелерде және серіктестікте өзгерістер болуы мүмкін. 22 қыркүйектен бастап жаңа ұсыныстарға ашық бол, олар сенің арман-мүдделеріңе сай келуі ықтимал.
Балықтар
Бұл айда сенің белгіңде Ай тұтылуы өтеді, сондықтан назар түгел сенде болады. Дегенмен, қарым-қатынастардағы өзгерістер де айқын сезіледі, әсіресе сүйіктіңмен. Ортақ мақсаттарға жету үшін бірге әрекет етуді ойлан. 22 қыркүйектен бастап көкжиегіңді кеңейтуге, жаңа мүмкіндіктерге назар аудар.
Фото: Unsplash
Дерккөз: ELLE