Pexels: Darya Grey_Owl
Қыркүйек айында қазақстандықтарды 9 демалыс күні күтіп тұр.
2025 жылы қыркүйекте ел тұрғындарына бір қосымша демалыс күні беріледі. Конституция күні биыл сенбі, 30 тамызға сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні дүйсенбі, 1 қыркүйекке ауыстырылады. Алайда, алты күндік жұмыс аптасында қыркүйекте қосымша демалыс болмайды.
Қыркүйек-2025 демалыс кестесі:
- Бес күндік жұмыс аптасында: 1 қыркүйек – демалыс күні, 2 қыркүйек – жұмыс күні.
- Алты күндік жұмыс аптасында: 1 қыркүйек – жұмыс күні.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қыркүйекте 9 демалыс күні және 21 жұмыс күні болады. Ал алты күндік жұмыс аптасында – 4 демалыс күні және 26 жұмыс күні.
Қыркүйекте кәсіби және басқа да мерекелер де бар. Олар жұмыс күніне түскенмен, мерекелік іс-шаралар өткізіліп, кәсіби мамандарды құттықтау жалғасады.
Мерекелік күндер:
- 1 қыркүйек – Білім күні
- 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні
- 6 қыркүйек – Аңшылық шаруашылығы қызметкерлері күні
- 7 қыркүйек – Мұнай және газ кешені қызметкерлері күні
- 14 қыркүйек – Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлері күні
- 28 қыркүйек – Атом өнеркәсібі қызметкерлері күні, Машина жасаушылар күні
- 30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күні
Фото: Pexels
Дереккөз: Almaty.tv