«Егер мені бұрыннан оқып жүрсеңіздер, Қазақстан халқымен арамызда нағыз махаббат орнағанын білесіздер!!! Мен елге де, халыққа да ғашық болдым... Олар да маған өте үлкен сүйіспеншіліктерін көрсетті. Мен алған тамаша сыйлықтарымның бір бөлігімен бөліссем керемет болар еді деп ойладым. Қара шоколад шынымен де мен жеп көргендердің ішіндегі ең үздігі!»,–
деп жазды америкалық әнші.
Шэрон Алматыдағы концерт кезінде қазақстандық шоколадтың алғаш дәмін татып көргенін және бірден ғашық болғанын айтты. Кейін Instagram сторисінде «маған мұндай шоколадты көбірек табу керек» деп жазған. Осыдан соң қонақүй қызметкерлері оған сыйлық ретінде толтырып шоколад әкеліп берген.
«Мен достарым мен туыстарымның бұл шоколадты қалай бағалайтынын көрсету қызық болады деп шештім»,–
деді Шэрон.
«Ол шынымен дәмді», «Құдай-ау, бұл ғажап, маған тағы керек», «Мұндай шоколадты ешқашан жеп көрмеппін, дәмі өте бай. Бұл мен жеп көрген ең жақсы қара шоколад», – деп бөлісті олар.
Соңында Шэрон барлығының сыйлыққа қатты риза болғанын атап өтті.
Айта кетейік, әнші тамыз айында Қазақстанға келгенде елге деген таңданысын жасырмаған. Ол қонақүйден және Алматы көшелерінен түсірген бейнероликтерін жариялап, алған әсерімен бөліскен.
Фото: Instagram